Абай саябағы! Алысқа ұзамай қаламыздың өзінде де серуендейтін жерлер көп. Солардың бірі Шымкент қаласының орталығында орналасқан Абай атындағы саябақ. Саябаққа қазақтың атақты ақын - жазушысы Абай Құнанбаевтың есімімен белгілі. Демалыс күндері немесе қолыңыз босаған күндері уақытыңызды пайдалы және ләззатпен өткізу мен қатар көптеген биік-биік ағаштар арасымен серуендеудің жақсы жолы – Абай саябағында қыдыру. Айта кететін тағы бір мәселе, саябақ аумағында ашылғанына көп ұзамаған Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырларымызға арнап салынған Даңқ мемориалы және Делфин суға шомылу бассейндері мен кафетерийлер орналасқан.Күннің жылы кездерінде саябақта демалу өте ыңғайлы, қолайлы жер. Саябақтың алдында қазақтың бас ақыны Абай атамыздың ескерткішіне көзіңіз түседі. Төрден орын алған ойшыл бабамыз қонақтарға «Қош келдіңдер»,-деп тұрғандай сезіндіріп,айрықша көрінеді. Мұндағы көз тартар әдемі көріністер көздің жауын алады. Тартымдылығымен өзіне баурай түседі. Сол үшін де демалыс бағын аралап, серуен құрған тұрғындар көп. Қыздар сыр бөлісер құрбысымен, студент жастар достарымен,үлкендер туыстарымен келеді. Өмірге бірлесіп қадам басқан бақытты жұптар саябақтың негізгі қонақтары. Саябақ аумағында тәрбиелік мәні зор Хәкім Абай музейі мен облыстық Бейнелеу өнері музейі орналасқан. Хәкім Абай музейінің жалпы көлемі 490 шаршы метр. Қорында 400 ге жуық жәдігер жинақталған. Мәдени орынның мақсаты ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау. Сонымен бірге Абай мұралары арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке үйрету Бейнелеу өнері музейінің көлемі 2449 шаршы метр. Қорында 1100 аса жәдігер жиналған. Көрме экспозициясы ай сайын ауысып, музей қорындағы жұмыстарды халық назарына ұсынып отырады. Мұнда серуендеуге барлық жағдай қарастырылған. Спортты жанына серік еткендер үшін арнайы орындар бар. Саябақтың тағы бір ерекшелігі түрлі көлік құралдарымен серуендеуге болады. Велосипед жалға беріледі. Бұл көлік құралы көңілді сергітеді әрі денсаулыққа пайдалы. Бұл жерде жаныңыз жай тауып, едәуір сергіп қаласыз. Сондықтан әдемі демалысты қаласаңыз, саябаққа...
Read moreThis park was beautiful and full of historical memorials of war which really appealed to this world history teacher. The monument to the Afghan War was especially moving at this moment because of what we see happening. As an American, I'm so ashamed that it was my government that originally armed the Taliban to fight Russia and thus helped turn them into the monsters they are. I especially liked how well taken care of the park is. In many parts of the world a park like this would be run down, full of trash on the ground, and bums. This one was a pleasure to...
Read moreAbay Park and Monument are a must-visit destination in Shymkent. The park offers a tranquil oasis in the midst of the city, while the monument to Abai pays homage to one of Kazakhstan's most revered figures. The combination of natural beauty and cultural significance makes this park a cherished landmark and a symbol of the region's...
Read more